Ведомство әскердегі өлім-жітімге талдау жүргізген
Қорғаныс министрінің Тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары, генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаев Қазақстан әскерінде өлім-жітім дерегі неге артқанына қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Министрдің айтуынша, бейбіт уақытта армияда әскери қызметшілер өліп жатыр, жеке құрамда әлімжеттік бар деген қоғамда қате түсінік қалыптасқан.
Әскердегі өлім-жітім, жарақаттану сынды әскери қызметтегі қауіпті факторларға тоқталайын. Армия – спецификалық әлеуметтік организм. Онда өміріңізде қауіп төнетін жағдайлар болады. Бұл – жауынгерлік техниканы пайдалану, жаттығулар, атыс, маневр және шерулер. Сондай-ақ әскери қызметшілер нақты жауынгерлік құралдарды пайдаланады, - деді Шайх-Хасан Жазықбаев.
Басшы соңғы уақытта армияда адам өлімі тіркеліп жатқанын жеткізді.
Өкінішке қарай әскери қызметшілердің қаза болу фактілері тіркеліп жатыр. Әрине, соңғы жылдары әскери оқу-жаттығудың қарқындылығы күрт артты. Осылайша, жарақат алу қаупі де жоғарылады. Бүгінде әскери қызметшілердің қаза болуының барлық жағдайы бейбіт тұрғындардың өліміне ұқсас, - деді ол.
Министрдің орынбасары жоғарыда аталған жағдайды талдағаннан кейін әскери қызметшілердің өлімі мен жарақаттануының негізгі себебін анықтаған:
Шайх-Хасан Жазықбаев армияда «жауынгерлік емес шығын» деген түсінік барын айтты. Егер әскерде адам шығыны болса, оған тексеріс жүргізіледі.
Кез келген оқиға бойынша мұқият тексеріс жүргізіліп, әскери басқару органдарының бірінші басшыларына қатаң тәртіптік және кадрлық шешімдер қабылданады. Біз бәрі қызмет ететін адамға байланысты екенін түсінуіміз керек. Әскерге шақырылған азаматтар қазірдің өзінде қалыптасқан дүниетаныммен және отбасында, мектепте, достарының арасында алған тәжірибемен келеді. Ондай жағдайда барлық шара мен тыйым дәрменсіз, - деді министрдің орынбасары.