Halyq Uni логотип
×

Судьяны қызметіне тағайындағанда қазақстандықтардың пікірі ескеріледі

Сондай-ақ үміткерлердің кәсіби және жеке қасиеттері де зерделенеді

 Динара Амантай 20.09.2024 | 15:13
Судьяны қызметіне тағайындағанда қазақстандықтардың пікірі ескеріледі
Фото: Halyq Uni

Судьяларды іріктеудің объективтілігі мен ашықтығын қамтамасыз ету үшін Жоғары сот кеңесі азаматтарды судьялық лауазымдарға орналасуға конкурсқа және іріктеуге қатысатын кандидаттар туралы пікірімен бөлісуге шақырды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Іріктеу барысында жұртшылықтың пікірімен қатар үміткерлердің кәсіби және жеке қасиеттері де зерделенеді. Бұдан басқа, кандидаттар конкурстық комиссия мүшелерімен сұхбат өтеді. Оған адвокатура, прокуратура өкілдері, заң қоғамдастығының өзге де өкілдері, сондай-ақ HR-мамандар кіреді, – делінген сот хабарламасында.

Пікірді Кеңестің сайтында биыл 10 қазанға дейін «Конкурсқа қатысушылар туралы азаматтардың пікірлері» бөлімінде қалдыруға болатыны айтылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама