Алматы облысында 700-ден аса компания қызметкерлерінің зейнетақы қорына жарна төлемеген
Прокуратура жұмысшылардың құқығын қалпына келтірді
Алматы облысында 700-ден аса компания қызметкерлеріне зейнетақы қорына жарна төлемеген, деп хабарлайды Halyq Uni.
Жыл басынан бері Әлеуметтік кодекстің жаңа ережелері қолданысқа енгізіліп, оған сәйкес жұмыс берушілер қызметкерлер табысының 1,5%-ын зейнетақы қорына қосымша төлеуге міндетті. 2028 жылға қарай бұл мөлшерлеме біртіндеп 5%-ға дейін көтеріледі.
Прокуратураның мәліметінше, жүргізілген талдау нәтижесінде көптеген жұмыс берушілер бұл өзгерістер туралы білмегені анықталды. Атап айтқанда 718 компания 12 мың қызметкерге зейнетақы қорына жарна төлемеген.
Қабылданған шаралар нәтижесінде компаниялар хабарландырылып, жұмысшылардың құқығы қалпына келтірілді.
Қазір жұмыс берушілер зейнетақы қорына 120 млн теңгеден астам қаржы төледі.