Жол құжаттарда басқа тауар көрсетілген
Түркіменстаннан заңсыз әкелінген 1,5 млрд теңгенің темекісі тәркіленді, деп хабарлайды Halyq Uni.
Ұсталған автокөліктің жүк қоймасында жол құжаттарда көрсетілген тауарлардың орнына іс жүзінде темекі кораптары болған.
6,5 млн қорап темекінің кедендік құны – 1,5 млрд теңге. Төленбеген кедендік төлемдер мен салықтар – 1,8 млрд теңге, – делінген ҚМА хабарламасында.
Қазір аталған дерек негізінде экономикалық контрабанда бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.