200 мыңнан аса адам әкімшілік жауапқа тартылды
ІІМ Көші-қон қызметі комитетінің төрағасы Аслан Аталықов Қазақстанда 1400-ге жуық «резеңке пәтер» анықталғанын айтты, деп хабарлайды Halyq Uni.
Елімізде 1 348 «резеңке пәтер» анықталды. Бұл үйлерде 36 мың адам тіркелген. Ішкі істер органдары адамдарды заңсыз тіркеуге қойғаны үшін 200 мыңнан аса адамды әкімшілік жауапқа тартты. Қабылданған шаралардың нәтижесінде «резіңке пәтерлердің» саны азайды, - деді Аслан Аталықов.
Сондай-ақ ол пәтерге адамдарды заңсыз тіркеуге қойғаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік барын атап өтті.
Астанада әйел үйіне мыңға жуық адамды заңсыз тіркеген. Ол заңсыз көші-қонды ұйымдастырды деген күдікке ілінді. Пәтердің иесі қылмыстық жауапкершілікке тартылды, бас бостандығы шектелді, - деді комитет төрағасы.