Дәмханалар клиенттерден қандай жағдайда 10% төлем ала алады
Министр бизнес өкілдерімен кездесу өткізді
Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев бизнес өкілдерімен кездесіп, қоғамдық тамақтану қызметтерін жетілдіру бойынша ұсыныстарды талқылады, деп хабарлайды Halyq Uni.
Жиында мейрамханалар мен дәмханаларда келушілерге қызмет көрсеткені үшін 10% төлем алу тәжірибесінің заңдылығы, сондай-ақ депозиттік жүйе мәселелері қаралды. Министр Қазақстанның Азаматтық кодексіне сәйкес, қоғамдық тамақтану саласында ас мәзірін ұсыну жария оферта болып табылатынын, сәйкесінше, қызмет көрсету үшін ақы төлеу қажеттілігі туралы ақпарат ас мәзірінде көрсетілуге тиіс екенін еске салды. Егер ондай ақпарат болмаса, онда төлемақы алу заңсыз деп есептеледі.
Келушілерге қызмет көрсеткені үшін заңсыз ақы алуды болдырмау үшін Ішкі сауда ережесіне өзгерістер енгізілді. Енді мейрамханалар қызмет көрсету ақысын тек мәзірде көрсетілген жағдайда ғана ала алады. Сондай-ақ, «депозиттік жүйеге» тыйым салатын ережелер айтылды. Келушілер үшін кіру тегін болып қалады, алайда қосымша қызметтер үшін, мысалы, VIP-кабина, караоке-кабина үшін ақы алуға болады.
Қоғамдық тамақтандырудың өзін-өзі реттейтін ұйымының төрайымы Вероника Нұрпейісованың айтуынша, көпшілік оферта ережесіне сәйкес мейрамханалар мен дәмханалар мекемеге кірген кезде қызмет көрсеткені үшін алым төлеу қажеттігі туралы келушілерді хабардар етеді.
Егер кәсіпкерлердің өздері қызмет көрсеткені үшін 10%-ын жинап, құнын белгілесе, мысалы, қызмет көрсетусіз 5500 теңге, ал көрші мекемеде қызмет көрсетумен 5000 теңге болса, іс жүзінде баға бірдей болып қалады. Бұл жағдайда даяшы шайпұл талап ете алмайтынын түсінуі маңызды, – деді ол.
Талқылау қорытындысы бойынша Сауда министрі бизнес пен қоғамдық ұйымдардың өкілдерін қоғамдық тамақтану саласындағы ережелерді жақсарту бойынша бірлесіп жұмыс істеп, ашық диалогтың маңыздылығын атап өтті. Ол министрліктің «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп әзірленетін барлық ұсыныстарды қарауға дайын екенін айтты. Арман Шаққалиев талқылауға белсенді қатысқандары үшін бизнес қауымдастыққа алғысын білдірді.