Ол 2 млн теңгеге жер телімін сатып алған
Елорда прокуратурасының үйлестіруімен есірткі зертханасы анықталды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижесінде үш адам сотқа берілді. Сот тергеуі барысында сотталушының темір контейнерді жалға алғаны анықталды. Осыдан кейін ол қала сыртында құны 2 млн теңге жер телімін сатып алып, контейнерді психотроптық заттарды шығаратын зертхана ретінде жабдықтап, орналастырған. Қылмыскер екі сыбайласымен бірге әрекеткен екен.
Тергеу барысында астыртын зертханадан алынған 24 келіден астам психотроптық заттар жойылды.
Сот елорданың үш тұрғынын аса ірі көлемде психотроптық заттарды сату мақсатында заңсыз дайындағаны және сақтағаны үшін кінәлі дептанып, 10 жылдан 11 жыл 3 айға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотталды. Үкім заңды күшіне енді.