Қостанайда заңсыз үлескерлік құрылыспен айналысқан кәсіпкерге айыппұл салынды
Сот қаулысы заңды күшіне енді
Қостанай қаласының прокуратурасы құрылыс салушының салынып жатқан көппәтерлі тұрғын үйдің үлескерлерін қаражатын заңсыз тартқанын анықтады, деп хабарлайды Halyq Uni.
Прокуратураның мәліметінше, «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» ҚР заңымен көппәтерлі тұрғын үй салу үшін жеке және заңды тұлғалардың ақшасын тартуға тыйым салынады. Мұндай мәмілелер жарамсыз деп танылады.
Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заңнамалық актінің талаптарын бұзғаны үшін прокуратура құрылыс салушыға қатысты әкімшілік іс қозғап, сотқа қарауға жіберілді.
2024 жылғы 29 шілдеде сот қаулысымен құрылыс салушы 775 320 теңге мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – делінген прокуратура хабарламасында.
Сот қаулысы заңды күшіне енді.