Оларды Қазақстан тарапы қарсы алды
Ақтау халықаралық теңіз портына Ресейдің әскери кемесі келді, деп хабарлайды Halyq Uni.
Қорғаныс министрлігі кемелер оқу-жаттығуға қатысатынын атап өтті.
Бүгін Ақтау халықаралық портына Ресейдің Каспий флотилиясының кемелері келді. Оның ішінде біреуі «Татарстан» зымыран кемесі, екіншісі – теңіз буксирі. 23-24 қыркүйекте олар бірлескен оқу-жаттығуға қатысады, - деді Әскери-теңіз күштері әскери-теңіз базасының командирі 2-дәрежелі капитан Бауыржан Мұратұлы.