Үкімет АҚШ-қа Алматыдағы жер телімін 49 жылға жалға береді

Халық үні

Одан кейін жалдау мерзімі тағы 49 жылға ұзартылуы мүмкін

фото: UniqueEye/Shutterstock.com

Қазақстан АҚШ-қа 49 жыл мерзімге жаңа консулдық салу үшін Алматыдағы ауданы 70 мың шаршы метрден асатын жер учаскесін жалға береді, деп хабарлайды Halyq Uni

Үкіметтің қаулысында жалға беру туралы келісімнің жобасы мақұлдансын деп жазылған.

Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка құрама штаттарының Үкіметі арасындағы Америка құрама штаттарының Үкіметіне Алматы қаласындағы Америка құрама штаттары консулдық мекемесінің ғимаратын салу үшін жер учаскесін жалға беру туралы келісімнің жобасы мақұлдансын, – делінген Үкімет қаулысында.

Құжат негізінде АҚШ Жамақаев көшесі, Әл-Фараби даңғылы, Сейфуллин даңғылы, Алдар Көсе көшесі арасында орналасқан, ауданы 70 593 шаршы метр жер учаскесін жалға алады. Консулдық мекеменің ғимаратын салу және пайдалану үшін жер учаскесін жалдау шарты жасалған күннен бастап, 49 жыл мерзімге беріледі. Одан кейін жалдау мерзімі тағы 49 жылға ұзартылуы мүмкін.

Бастапқы 49 жылдық жалдау мерзімі үшін және одан кейінгі барлық 49 жылдық ұзарту кезеңдері үшін (жалпы ұзақтығы шектеусіз) жалдау ақысының мөлшері 25 301 016 долларды қамтиды және осы келісім күшіне енген күннен бастап, 30 күнтізбелік күн ішінде бірыңғай төлеммен төленетін болады, – делінген қаулыда.