Жаңадан құрылған Жетісу облысына басшы болып бұған дейін Сенат депутаты болған Бейбіт Исабаев келді
Осыған орай Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жарлыққа қол қойды.
Жаңа әкім 1962 жылы 4 желтоқсанда Алматы облысында дүниеге келген. Ол көп жылдар бойы еліміздің Сыртқы істер министрлігінде қызмет атқарды. Әр жылдары Қазақстанның Түркиядағы, Албаниядағы және Қырғызстандағы елшісі болды. Үйленген, 2 қызы, 1 ұлы бар.
Жетісу облысының орталығы — Талдықорған қаласы. Жаңа өңірдің аумағына 352 елді мекені бар 8 аудан (Ақсу, Алакөл, Ескелді, Қаратал, Кербұлақ, Көксу, Панфилов және Сарқан) мен 2 қала (Талдықорған және Текелі) кіреді.