Мемлекет басшысы бірқатар тапсырма берді
Мемлекет басшысы күштік құрылым басшыларының жаңадан тағайындалған орынбасарларын қабылдады, деп хабарлайды Halyq Uni.
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары Әли Алтынбаевты, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Терроризмге қарсы қызметтің бастығы Бақытбек Рахымбердиев пен Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның бас қолбасшысы Аңсаған Балтабековті қабылдады.
Кездесуде мемлекет басшысы жаңадан тағайындалған лауазымды қызметкерлерге тиісті ведомстволарда өздері жетекшілік ететін бағыттар бойынша бірқатар тапсырма берді.