Қала басшысы паралимпиада чемпиондарымен кездесті
Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Парижде өткен паралимпиада ойындарының чемпионы Ақмарал Науатбекке пәтер кілтін табыстады, деп хабарлайды Halyq Uni.
Елорда әкімі паралимпиада чемпиондарымен кездесіп, оларды бағалы сыйлықтармен марапаттады.
Ақмарал Науатбекке 3 бөлмелі пәтердің сертификаты және 30 млн теңге ақшалай сыйақы, ал оның жаттықтырушысы Айдын Анапинге 10 млн теңге табысталды.
Ерғали Шәмейге 2 бөлмелі пәтердің сертификаты мен 25 млн теңге ақшалай сыйақы, ал оның жаттықтырушысы Дәурен Оразовқа 7 млн теңге табыс етілді. Ақшалай сыйақы демеушілер тарапынан берілді.
Біз өз тарапымыздан спортшыларымызға қолдау көрсетуді ары қарай да жалғастырамыз. Сол сияқты қаланың спорттық инфрақұрылымын жақсартып, бұқаралық спортпен шұғылдану үшін, оның ішінде балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектептеріне тиісті жағдай жасаймыз, – деп жазды әкім Instagram парақшасына.