Ол 2 шілдеден бастап елордадан жүре бастайды.
"Жолаушылар тасымалы" АҚ мәліметінше, "Нұр-Сұлтан Нұрлы жол - Қостанай" бағытындағы пойыз күнара қатынайды.
Елордадан 2 шілдеден бастап жұп күндері, Қостанайдан 3 шілдеден бастап тақ күндері жүреді,
- делінген хабарламада.
Бұдан басқа, биыл 1 шілдеден бастап "Нұр-Сұлтан НЖ – Арқалық" №603/604 пойызының нөмірленуі №79/80 болып өзгертіледі. Ол да күнара жүреді.
Ұлттық тасымалдаушы жолаушылардан жол жүру құжаттарын (билеттерін) BILET.RAILWAYS.KZ сайты немесе "ҚТЖ билеттері" мобильді қосымшасы арқылы онлайн ресімдеуді сұрайды .
Сонымен қатар, қажет болған жағдайда теміржол билеттерін сатып алу үшін "Күту парағы" функционалын пайдалану ұсынылады.