Денис Шипп Жоғары сот кеңесінің төрағасы қызметінен босатылды
Шипп бұл қызметке 2021 жылы тағайындалған
Денис Шипп Жоғары сот кеңесінің төрағасы лауазымынан босатылды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Мемлекет басшысының жарлығымен Денис Шипп Жоғары сот кеңесінің төрағасы лауазымынан босатылды, - делінген ақпаратта.
Ол бұл қызметке 2021 жылы тағайындалған.
Оның орнына Сенат Жоғары сот кеңесінің төрағасын лауазымына Дмитрий Малаховты тағайындауға келісім берді.
Конституцияның 44-бабына сәйкес, Президент Парламент Сенатының қарауына Жоғары сот кеңесінің төрағасын лауазымына Дмитрий Михайлович Малаховтың кандидатурасын ұсынады. Дмитрий Малаховтың құқық қорғау органдарында жұмыс істеген, мол тәжірибесі бар. Лауазымды қызметтерді атқарды. Жоғары білікті маман саналады. Қаржылық мониторинг агенттігін басқарған, - деді Қазақстан президентінің құқықтық мәселелер жөніндегі кеңесшісі Ержан Жиенбаев.
Сенаторлар ұсынысты қолдады.