Halyq Uni логотип
×

Құжатсыз мас күйде көлік басқарғандар жүргізуші куәлігін 7 жылдан кейін ғана ала алады

Өзгеріс құжаты жоқ қазақстандықтарға қатысты болып отыр

 Дәурен Ерболат 19.09.2024 | 14:16
Құжатсыз мас күйде көлік басқарғандар жүргізуші куәлігін 7 жылдан кейін ғана ала алады
Фото: Halyq Uni

Қазақстанда енді көлікті мас күйде басқарғандар жүргізуші куәлігін ала алмайды. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Бүгін Сенатта «Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне жекелеген көлік құралдары түрлерінің жүруін ұйымдастыру және жол қауіпсіздігін цифрландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы мақұлданды. 

Құжатта Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 608-бабы немесе 613-бап бойынша әкімшілік жауапқа тартылған адамдарға қатысты 7 немесе 8 жыл бойы көлікті басқару құқығынан айыруға, емтихандар тапсыруға жібермеуді көздейтін норма бар.

Игорь Лепеха заңға енгізілген өзгерісті түсіндірді.

Біріншіден, азаматтың көлігі мен жүргізуші куәлігі бар. Ол мас күйде көлікке отырса, біз оны ұстап, хаттама толтырып, сотқа жолдаймыз. Соттың үкімімен айыпталушы әкімшілік қамауға алынып, 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылады. Болды. Бұл түсінікті деп ойлаймын.

Екіншіден, жүргізуші куәлігі жоқ адамға тоқталайын. Ол мас күйде әкесінің көлігіне отырды дейік. Біз оны ұстаймыз. Соттың үкімімен күдікті 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынады, болды. Оның жүргізуші куәлігі жоқ, ол одан айырылмайды. Мұны ескерсек, ертең бұл адам ХҚКО-ға барып, жүргізуші куәлігін алып, 3 айдан соң көлікті басқара алады. Бұл әділетті емес қой. Енді ол заң бойынша 7 жыл жүргізуші куәлігіне тапсыра алмайды, - деді министрдің орынбасары Сенаттың жалпы отырысынан соң.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама