Департаменттің талап арызы қанағаттандырылды
Астанада құны 346 млн теңгеден асатын жер учаскесі мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Жер ресурстарын басқару департаменті Астана қаласы бойынша Есіл ауданы әкімдігінің хаттамасы негізінде ЖШС-нің жер учаскесін ұзақ уақыт пайдаланбауы бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізді. Ауыл шаруашылығымен айналысуға арналған жер учаскесінің аумағы – 6,4862 гектар.
Тексеру нәтижесінде Жер кодексінің 92-бабын бұзу фактісі расталды, – делінген хабарламада.
Астана қаласы сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен департаменттің талап арызы қанағаттандырылды. Сот шешімі заңды күшіне енді.