Қазақстан мен Қырғызстан әскери-техникалық көмек көрсету туралы келісімді ратификациялады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар заңға қол қойды
Соның бірі Қазақстан мен Қырғызстан үкіметі арасындағы әскери көмек көрсету туралы келісімді ратификациялау, деп хабарлады Ақорда.
"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Министрлер Кабинеті арасындағы Орталық Азия өңірінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде әскери-техникалық жәрдем көрсету туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - делінген құжатта.