×

Елімізде виртуалды туристік агенттер пайда болады

Жасанды интеллект туризм саласына да енгізіледі

 Қымбат Елтайқызы 19.09.2024 | 09:20
коллаж: Halyq Uni

Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Нұртас Кәріпбаев Open Insights компаниясының технологиялар жөніндегі директоры Файзан Чаудхаримен кездесті, деп хабарлайды Halyq Uni.

Кездесуде тараптар Қазақстанның туристік индустриясын дамыту мақсатында деректер мен жасанды интеллекті пайдалана отырып, инновациялық шешімдер қабылдау мәселесін талқылады, деп мәлімдеді Туризм индустриясы комитеті.

Әңгіме барысында Файзан Чаудхари Open Insights компаниясының негізгі мүмкіндіктерін, соның ішінде Data-as-a-Service (DaaS) платформасын таныстырды. Аталған платформа деректерді жинауға және басқаруды тиімді етуге, сондай-ақ жасанды интеллект және машиналық оқыту негізіндегі заманауи технологияларды енгізуге мүмкіндік береді, – деп қосты ведомство.

Сондай-ақ, кездесуде жасанды интеллектіні қолдану арқылы саяхатшыларға арналған ұсыныстарды автоматтандыру, виртуал туристік агенттер жасау және бетті тану технологиясы арқылы қауіпсіздікті арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Open Insights деректерді басқару жүйесін модернизациялауға және оларды туристік салаға интеграциялау кезінде туындауы мүмкін технологиялық тәуекелдерді төмендетуге көмектеседі.

Мұндай технологияларды енгізу Қазақстанда ішкі туризмді дамытуға, қызмет көрсету сапасын жақсартуға және индустрияның болашағын тұрақты етуге мүмкіндік ашады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама