Олардың бірі Ресейде қолға түсті
ІІМ криминалдық полиция қызметкерлері аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін халықаралық іздеуде жүрген қылмыскерлерді ұстады, деп хабарлайды Halyq Uni.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, жәбірленушілерге келтірілген шығын 650 млн теңгеден асады.
Қарағанды қаласында 45 жастағы ер адам ұсталды. Ол 2018 жылдың шілдесінде өзі Ақтөбеде бола отырып, елордада жылжымайтын мүлік сатып алып беру сылтауымен 100 млн теңгені иемденген. Алматыда 44 жастағы әйел ұсталды. Ол көкөністер мен жемістерді жеткізу сылтауымен азаматтарды 516 млн теңгеден астам сомаға алдаған. Астанада 60 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Ол өткен жылдың қыркүйегінде жеңілдетілген несие арқылы тұрғын үй сатып алу сылтауымен 30 млн теңге жымқырған. Сонымен қатар Ресей Федерациясының Мәскеу қаласында 30 жастағы қазақстандық азамат қолға түсті. Ол да алаяқтық жолмен ондаған миллион теңгені қалтаға басқан, – деді департамент бастығы, ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.
Жалпы қабылданған шаралардың нәтижесінде жыл басынан бері полиция 1360 қылмыскерді ұстап, 1000-нан астам жоғалған адамның орналасқан жерін анықтады.