Тиісті Жарлыққа Мемлекет басшысы қол қойды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Марат Елеусізұлы Сұлтанғазиев Алматы облысының әкімі лауазымына тағайындалсын,
— делінген Президент жарлығында.
Марат Сұлтанғазиев 1976 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін, Қазақ мемлекеттік заң академиясын, Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін тәмамдаған. Мамандығы бойынша — экономист-қаржыгер, заңгер, іскерлік әкімшілендіру магистрі. Көп жылдар бойы Қаржы министрлігінде түрлі қызмет атқарды. Соңғы қызметі Қаржы вице-министрі болған еді.
Ал Мемлекет басшысының Жарлығымен Қанат Бозымбаев Алматы облысының әкімі лауазымынан басқа жұмысқа ауысуына байланысты босатылды.
Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек өз қызметін жалғастыра береді
Бұған дейін жаңадан құрылған Ұлытау облысының әкімі тағайындалған еді.