Halyq Uni логотип
×

Астанада 100-ден аса үлескерді алдаған құрылыс компаниясы ақша жинауды әлі де тоқтатпаған

Полиция қазақстандықтарға үндеу жасады

 Динара Амантай 18.09.2024 | 17:51
Астанада 100-ден аса үлескерді алдаған құрылыс компаниясы ақша жинауды әлі де тоқтатпаған
Фото: Halyq Uni

Астана қаласының полиция қызметкерлері алаяқтыққа күдікті құрылысшы қазақстандықтардан ақшаны заңсыз алуды әлі де жалғастырып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Halyq Uni.

«Ayana Plaza» тұрғын үй кешені құрылысының тоқтатылғанына қарамастан, құрылыс салушы пәтер сату желеуімен азаматтардың қаражатын заңсыз алуды жалғастырып жатыр. Елорда полициясы «Ayana Plaza» ТК құрылысына арналған үлескерлердің ақша қаражатын алдап алу жолымен иемденді деп «Kaztelematica» ЖШС, «Kaztelematica group» ЖШС және «Building Company» ЖШС басшыларына қатысты алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр, – делінген хабарламада.

Қазір полицияға 110 жәбірленуші арызданған, бірақ сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында зардап шеккендердің саны әлдеқайда көп екені анықталды.

Алданған үлескерлердің жаңа толқынының пайда болуына жол бермеу үшін жоғарыда аталған тұрғын үй кешенінің құрылысына ақша салмауға кеңес береміз. Аталған компаниялар басшыларының әрекетінен зардап шеккен азаматтардан Астана қаласы ПД-ға Сейфуллин көшесі, 37 мекенжайы бойынша жүгінуіңізді сұраймыз, – деді вдомство өкілі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама