Дәстүрлі садақ атудан жасөспірімдер арасында чемпионат өтті
Сайыс үш түрлі нысана негізінде өткізілді
Дәстүрлі садақ атудан жасөспірімдер арасындағы чемпионат Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру комитетінің, Ұлттық спорт қауымдастығының, Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен өтті, деп хабарлайды Halyq Uni.
Сайысты Ұлттық спорт қауымдастығы, «Sadaq Atu» республикалық федерациясы және «Oskemen sadaq atu» федерациясы ұйымдастырды.
Сайыс үш түрлі нысана негізінде өткізілді. Олар Пута, Қалқан, және Жамбы нысаналары. Чемпионатқа 7-9 жас, 10-12 жас, 13-15 жас, 16-17 жас аралығындағы 268 спортшы қатысты.
Бас серіктес – «Самұрық-Қазына» АҚ және Sport Qory спортты қолдау қоры.
Еске сала кетсек, Республикалық «Садақ ату» федерациясы Ұлттық спорт қауымдастығының құрамына кіреді. Қауымдастық құрамында бұдан өзге, бәйге, көкпар, теңге ілу, аударыспақ, жамбы ату, құсбегілік, асық ату, «JORYQ» ат спорты және тағы басқа федерациялар бар. Ұлттық спорт қауымдастығын Исламбек Салжанов басқарады.