×

Тоқаев ІІМ мен ҰҚК-де ауыс-түйіс жасады

Кімдердің орнынан кетіп, кімдердің жаңа қызметке келгені белгілі болды

 Қымбат Елтайқызы 18.09.2024 | 14:43
фото: Halyq Uni

Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінде кадрлық ауыс-түйіс жасады, деп хабарлайды Halyq Uni.

Ақорда мәліметінше, Мемлекет басшысының өкімімен Еркін Советбекұлы Ботақанов Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның бас қолбасшысы лауазымынан босатылды.

Президент өкімімен Аңсаған Скендерұлы Балтабеков Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның бас қолбасшысы лауазымына тағайындалды, – делінген ақпаратта.

Бұған қоса, Бақытбек Төлешұлы Рахымбердиев Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Терроризмге қарсы қызметінің бастығы лауазымына тағайындалды.

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама