×

Кәсіпкердің құқығын бұзған: Сот Ақтау әкіміне 153 мың теңге айыппұл салды

Ақтаулық кәсіпкер қала әкімі Нұрдәулет Қилыбайды сотта жеңді

 Халық үні 11.06.2022 | 09:33
Фото: ашық дереккөздерден

Бұл туралы Маңғыстау облыстық соты мәлімдеді.

Шенеуніктер кәсіпкерге жер телімін жалға беру мерзімін ұзартудан заңсыз бас тартқан. Сот шешіміне сәйкес Ақтау қаласының әкіміне 153 000 теңге айыппұл салынды.

Кәсіпкер Ақтау қаласының әкімі мен Ақтау қалалық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімін сотқа берген. Сот шенеуніктердің заңсыз әрекет жасағанын анықтады. Оларға жер телімін жалға беру мерзімін ұзарту мәселесі бойынша бір айда талапкердің пайдасына әкімшілік акт қабылдау ұйғарылды.

Алайда, бір ай өтсе де, кәсіпкердің құжаттарына қол қойылмаған.

Әкімнің сот шешімін орындамауы кәсіпкердің құқығын бұзды. Әкімшілік кодекстің талаптарына сәйкес, сот шешімдері орындалуы соттың бақылауында және оларды орындаудан жалтару 50 АЕК мөлшерінде ақшалай айыппұл салуға әкеп соғады. Сот Ақтау қаласының әкіміне 50 АЕК көлемінде, яғни 153 150 теңге айыппұл салу туралы ұйғарым шығарды. Сондай-ақ, әкімге сот шешімін орындауға қосымша 10 күн уақыт берілді, - деп хабарлады Маңғыстау облыстық соты.

Әкім ақшалай өсімпұлды бес күн ішінде төлеп, сот шешімін 10 күн ішінде орындауы керек, әйтпесе 10 АЕК-ке көлемінде айыппұл салынады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама