Halyq Uni логотип
×

Биыл Нидерландыдан елімізге екі жолбарыс жеткізіледі

Олар суыққа төзімді келеді

 Дәурен Ерболат 18.09.2024 | 11:32
Биыл Нидерландыдан елімізге екі жолбарыс жеткізіледі
фото: Алматы хайуанаттар бағы/видеодан скрин

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Қазақстанда Тұран жолбарысының популяциясы қалай қалпына келтірілетінін айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Бұрын Іле өзенінің жағасындағы орманда және Балқаш өзеніне құятын қамыс өсетін алқапта Тұран жолбарысы мекендеген. Соңғы жолбарыс сол өңірде 1948 жылы болған. Жолбарыстың популяциясын қалпына келтіру үшін 2024 жылғы қыркүйектің соңына дейін Голландиядан екі жолбарыс алып келеміз. Бұл Тұран жолбарысы тұқымдас – Амур жолбарысы. Себебі, осы екі жолбарыс қана суыққа төзімді. Қалған жолбарыстың бәрі жылы жерде өмір сүреді», - деді Ерлан Нысанбаев Мәжілістің жалпы отырысында.

Сондай-ақ еліміз 2025 жылы Ресейден де жолбарыс алмақ.

«Келесі жылы Ресейден тағы төрт жолбарысты аламыз. Осылайша, Қазақстанда болған жолбарыстың популяциясы қалпына келтіріледі. Себебі, мәселені шешуді көздейтін бағдарлама бар», – деді министр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама