Halyq Uni логотип
×

2030 жылы елімізде сұйытылған газ тапшылығы жойылады

Кен орындарынан газ өндіру көлемі артады

 Дәурен Ерболат 18.09.2024 | 11:05
2030 жылы елімізде сұйытылған газ тапшылығы жойылады
Фото: Halyq Uni

2030 жылы Қазақстанда сұйытылған газ тапшылығы мәселесі шешіледі. Бұл туралы Энергетика вице-министрі Әлібек Жамауов айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Қашаған және Қарашығанақ кен орындарында сұйытылған мұнай газ өндірісі іске қосылады деп жоспарланып отыр. Осылайша, Қашағаннан жылына 800 мың тонна, ал Қарашығанақтан шамамен 600-700 мың тонна сұйытылған газ өндіріледі. Осылайша, 2030 жылы сұйытылған газ тапшылығын жоямыз деп ойлаймын, -– деді министрдің орынбасары Мәжілістің жалпы отырысында.

Еске сала кетсек, бір ай бұрын Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев министрлік тарапынан бөлінетін сұйытылған газ көлемінің бір бөлігі мұнай-химия өнімдерін шығаратын өнеркәсіптік кәсіпорындарға бағытталатынын айтқан. Осылайша, сұйытылған газ тапшылығының көлемі шамамен 20-25%-ға азаяды деп болжам жасалған.

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама