Шымкентте дәрігерлік-дене шынықтыру диспансерінің басшысы сотталды
Сот үкімі заңды күшіне енді
Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты «Шымкент қаласының дәрігерлік-дене шынықтыру диспансері» КММ басшысы И. Долбиловаға және осы ұйымның есепшісі М. Абдукаримоваға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Антикор мәліметінше, олар іс жүзінде жұмыс істемеген адамға жалақыны заңсыз есептеу арқылы 3,4 млн теңге көлемінде бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылған.
Сот үкімімен айыпталушыларға мемлекеттік лауазымда қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Сот үкімі заңды күшіне енді.