Алматыда референдум туралы заңнаманы бұзған 4 адам жауапқа тартылды
Прокуратура қазақстандықтарға ескерту жасады
Республикалық референдум туралы заңнаманы бұзғаны үшін 4 адам жауапқа тартылды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Алматы қаласының прокуратурасы жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңнамасының талаптарын сақтамай, атом электростанциясының құрылысы бойынша қоғамдық пікірге сауалнама жүргізу фактілерін анықтады. Нәтижесінде 4 құқықбұзушы әкімшілік жауаптылыққа тартылып, айыппұл арқалады.
Қала прокуратурасы қоғамдық пiкiрге сауалнама жүргiзу тәртiбi «Республикалық референдум туралы» және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңдарымен реттелетінiн ескертеді, – делінген прокуратура хабарламасында.