Головкин өзінің техникалық басымдығы мен ойлау қабілетін іске қосуы керек
Жартылай ауыр салмақтағы WBA чемпионы Дмитрий Биволды (20-0, 11 КО) жаттықтыратын Геннадий Машьянов «РБ Спорт» басылымына берген сұхбатында Геннадий Головкиннің (42-1-1, 37 КО) мексикалық Сауль «Канело» Альваресті (57-2-2, 39 КО) жеңу мүмкіндігі жайлы ойын айтты.
Төрешілер әділ болса, 50 де 50. Бұл Генаның жасын есепке ала отырып айтқандағым. Ол баяулап қалды. Муратамен айқастың басында ол тым сылбар болды. Иә, Головкиннің жеңіске жетуге қазір де шамасы жетеді. Техникалық тұрғыда ол «Канелодан» басым. Головкиннің техникалық арсеналы айтарлықтай кең, бірақ, оны қолдану керек. Тіресіп алып жұдырықтасудың қажеті жоқ немесе төбелесіп кетуге болмайды. Головкин өзінің техникалық басымдығы мен ойлау қабілетін іске қосу керек. Ол жерде көрермен немесе өзге біреулердің жетегіне еріп кетуге болмайды, - дейді маман.
Айта кетсек, бұған дейін Головкин мен Канелоның үшінші жекпе-жегінің өтетін күні 17 қыркүйек екенін жазған болатынбыз.