Қаражатты аудару үшін белгісіз адамдар сілтемеге өтуді ұсынады
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік қордан төлем берілетіні туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Ведомство өкілдерінің мәліметінше, 1949-2010 жылдар аралығында туған Қазақстан азаматтарына белгісіз әлеуметтік қордан 70 мың теңге аударылатыны туралы әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде таратылып жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды. Қаражатты аудару үшін белгісіз адамдар сілтемеге өтуді ұсынады.
Әлеуметтік көмектің мұндай түрі жоқ екенін хабарлаймыз. Тиісінше, хабарламада көрсетілген сілтеме алаяқтар үшін азаматтардың жеке деректерін алу тәсілі болуы мүмкін. Алаяқтармен өзара әрекеттесуді болдырмау үшін сілтемеге өтпеуге кеңес береміз, – делінген министрлік хабарламасында.
Сондай-ақ, мемлекеттік қолдаудың тиісті шаралары туралы ресми ақпарат тек қана 1414 нөмірінен СМС-хабарламалар арқылы таратылатыны айтылды. Қазақстандықтардан тек ресми көздердегі ақпаратты пайдалану сұралады.
Бұған қоса жалған ақпарат тарату заңмен жазаланатыны ескертілді.