Halyq Uni логотип
×

«Өтірік мүсіркемеңіздер». Депутат заң жобасын ресми тілде таныстарған шенеуніктерді сынады

Мәжілісте Салық кодексінің жобасы талқыланды

 Дәурен Ерболат 17.09.2024 | 16:11
«Өтірік мүсіркемеңіздер». Депутат заң жобасын ресми тілде таныстарған шенеуніктерді сынады
Фото: Halyq Uni

Мәжілісте депутат Ринат Заитов заң жобасын ресми тілде таныстарған шенеуніктердің әрекетін сынға алды, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Бүгін Мәжілісте Салық кодексінің жобасын және салық салу мәселелері бойынша ілеспе түзетулері таныстырылды. Заңдардағы негізгі нормаларды Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин, Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов көбінесе орыс тілінде түсіндірді.

Шенеуніктердің бұл әрекеті депутатқа ұнамады.

Президет Қасым-Жомарт Тоқаев Ассамблея сессиясында «Әркімнің патриоттық деңгейі мемлекеттік тілге деген құрметімен өлшенеді» деп анық айтқан. Бәлкім, Евгений Кочетовқа, Роман Васильевич Склярға, тіпті Ринат Рифхатұлы Заитовқа да кешірілетін шығар. Бірақ атасының аты Әміре, өзінің аты Азамат, әкесінің аты Біржан, өзінің аты Ержан деген азаматтарға мына жерге келіп шүлдірлеп тұрған жараспайды. Басында 2 сөйлем, соңында 2 сөйлем қазақша айтып, өтірік мүсіркеп, біздің мемлекеттік тілімізді қорламауға шақырамын, - деді Ринат Заитов.

Азамат Әмрин сұрақты жауапсыз қалдырды.

Ержан Біржанов мемлекеттік тілді меңгергенін жеткізді.

Ескертуіңізді түсіндік. Мен екі тілде бірдей айта аламын. Салық кодексі болғандықтан, кейбір спецификалық терминдер бар. Сондықтан орысша айттық. Бірақ мен осы кодексті талай рет сіздердің алдарыңызда (мемлекеттік тілде) айттым, - деді министрдің орынбасары.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама