Алматыда науқас балалардың еміне жиналған 32 млн теңге қолды болған
Бастапқы шотқа 6 мыңға жуық ақша аударымы жасалған
Алматыда 32 млн теңгеден астам қаржыны жымқырған алаяқ ұсталды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, Шымкент қаласының тұрғыны Талғар ауданындағы балалардың еміне қаражат жинауға көмек көрсету сылтауымен Instagram әлеуметтік желісінде парақша ашқан.
Алаяқ әлеуметтік желіде онкологиялық аурумен ауыратын балалардың суреттерін пайдаланып, жалған банк картасының деректемелерін орналастырғаны анықталды. Іздеу жұмыстарының нәтижесінде біз күдіктіні, яғни Шымкент қаласының тұрғынын анықтадық. Қазір 32 миллион теңгеден астам сомаға бастапқы шотқа 6 мыңға жуық ақша аударымы жасалғаны анықталды, – деді Алматы облысы ПД.
Алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды. Оның осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.