Tik Tok-қа видео түсірмек болған оқушыға жедел жәрдем шақырылды

Дәурен Ерболат

Балаға тиісті медициналық көмек көрсетілді

Фото: Halyq Uni

Ақтөбеде Tik Tok-қа видео түсірмек болған қызға жедел жәрдем шақырылды, деп хабарлайды diapazon.kz.

Желіде Tik Tok-қа видео түсірмек болған қыз сірке (уксус) ішті деген ақпарат жарияланды. Алайда оқушы уланбаған. Қыз сіркені ауаға шашқан. Салдарынан аллергия пайда болып, жедел жәрдем қызметі шақырылған.

Зардап шеккен оқушы қаладағы №66 мектепте білім алатыны белгілі болды.

Қалалық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Жұлдыз Шалабаеваның айтуынша, 9 қыркүйекте 11-сынып оқушысы үйде отырып, Tik Tok-қа видео түсірмек болған. Ол әтірдің орнына сіркені пайдалған. Осылайша, қыз жөтеліп, түшкіре бастаған.

Оқушы сіркені ішпеді, денсаулығы қанағаттанарлық жағдайда. Ол мектепке келіп жүр, тек 9-10 қыркүйекте білім ордасында болмады. Осыдан кейін мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына ата-аналар мен балалар арасында түсіндіру жұмысы жүргізілсін тапсырма берілді, - деді білім бөлімінің қызметкерлері.