Halyq Uni логотип
×

СҚО-да жұмысшылардың жалақысынан әлеуметтік төлемдер негізсіз ұсталған

Прокуратура кінәлі адамды жауапқа тартты

 Динара Амантай 17.09.2024 | 13:04
СҚО-да жұмысшылардың жалақысынан әлеуметтік төлемдер негізсіз ұсталған
Фото: Halyq Uni

Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы еңбек заңнамасының сақталуын талдау барысында қызметкерлердің жалақысынан әлеуметтік төлемдерді негізсіз ұстап қалу фактісін анықтады, деп хабарлайды Halyq Uni.

Айыртау ауданының әлеуметтік қызмет көрсету орталығының лауазымды адамдары Еңбек кодексінің 115-бабының талаптарына қайшы әрекет ете отырып, 28 қызметкерден ынталандырушы үстемақыларды өтеу есебінен жалақыдан 1,3 млн теңге ұстаған.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша кінәлі лауазымды қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылып, заңсыз ұсталған сомалар төленді.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде орталықтың 28 қызметкерінің құқығы қорғалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама