Шектеу алдағы уақытта күшіне енеді
Facebook Meta иесі «Россия сегодня» халықаралық ақпарат агенттігі, RT және басқа ресейлік мемлекеттік БАҚ-қа өз платформаларын пайдалануға тыйым салатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Telegram-дағы «Настоящее Время» арнасы.
«Россия сегодня», RT және оған қатысы бар басқада ұйымдар шетелдік араласуға байланысты бүкіл әлем бойынша біздің қосымшаларымызда бұғатталды, - деп жазылған компанияның мәлімдемесінде.
Meta Facebook-тен басқа Instagram, WhatsApp және Threads желілеріне иелік етеді.