Көпбалалы отбасыларға 200-ден пәтер қарастырылған
Жақында Астанада «Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады, деп хабарлайды Halyq Uni.
Елорда әкімдігінің мәліметінше, бағдарламаға баспана кезегінде тұрған «Көпбалалы отбасылар» және «Халықтың әлеуметтік осал тобы» санатындағы тұрғындар қатыса алады.
Өтінім биыл 23 қыркүйек бастап 7 қазанға дейін таңғы сағат 9-дан кешкі сағат 6-ға дейін birge.astana.kz порталында қабылданады.
Пәтерлер қаладағы Қорғалжын тас жолы, Нұрғиса Тілендиев даңғылы, Астана-Қарағанды тас жолындағы аудандарда орналасқан.
Өтінімді баспана кезегінде тұрғандардың барлығы бере алады. Алайда басымдық бұрын кезекте тұрғандарға беріледі.