Жалға берілетін тұрғын үйге өтінімдер қабылдау басталады
Көпбалалы отбасыларға 200-ден пәтер қарастырылған
Жақында Астанада «Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады, деп хабарлайды Halyq Uni.
Елорда әкімдігінің мәліметінше, бағдарламаға баспана кезегінде тұрған «Көпбалалы отбасылар» және «Халықтың әлеуметтік осал тобы» санатындағы тұрғындар қатыса алады.
Өтінім биыл 23 қыркүйек бастап 7 қазанға дейін таңғы сағат 9-дан кешкі сағат 6-ға дейін birge.astana.kz порталында қабылданады.
- «Көпбалалы отбасылар» санаты үшін пәтерлер саны – 223;
- «Жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар» санатына арналған пәтерлер саны – 154;
- «Халықтың әлеуметтік осал тобы» басқа санатына арналған пәтерлер саны – 458.
Пәтерлер қаладағы Қорғалжын тас жолы, Нұрғиса Тілендиев даңғылы, Астана-Қарағанды тас жолындағы аудандарда орналасқан.
Өтінімді баспана кезегінде тұрғандардың барлығы бере алады. Алайда басымдық бұрын кезекте тұрғандарға беріледі.