Іс-шараға шетелдік дәрігерлер қатысады
Биыл 21-22 қыркүйек аралығында Астанадағы Президент орталығында «Заманауи хирургиядағы жоғары технологиялар» халықаралық ғылыми-практикалық форумы өтеді, деп хабарлайды Halyq Uni.
Іс-шараны Президент іс басқармасы Медициналық орталығы (ПІБ МО) ауруханасы ұйымдастырады. Конференцияға АҚШ, Азия, Еуропа елдерінің жетекші мамандары қатысады.
Форумда бірегей хирургиялық операциялар (шеберлік сағаты) тікелей эфирден көрсетіледі. Кардиохирургия, нейрохирургия және қантамыр хирургиясы бойынша жоспарланған бірегей оталарды дәрігерлер ПІБ МО ауруханасында жасайды, - деп жазылған хабарламада.
Халықаралық ғылыми-практикалық форумында инновациялық, аз инвазиялық және қауіпсіз хирургия мәселелерін сарапшылар талқылайды. Сондай-ақ күрделі жағдайды көрсететін шеберлік сағаттары, операция залынан онлайн трансляция курстары, дөңгелек үстелдер мен тақырыптық секциялар ұйымдастырылады.