×

Ақтөбеде орталық саябақтың жері жекеменшікке заңсыз берілген

Жер учаскесі сот шешімімен мемлекетке қайтарылды

 Динара Амантай 17.09.2024 | 10:24
Фото: АШМ баспасөз қызметі

Ақтөбеде орталық саябақтың жері жекеменшікке заңсыз берілген, деп хабарлайды Halyq Uni.

Жер ресурстарын басқару департаменті тексеру барысында қаланың орталық паркінде орналасқан 1,4 гектар жер учаскесінің жеке кәсіпкерге заңсыз берілгенін анықтады. Прокуратура органдары мен департаменттің қабылдаған шаралары нәтижесінде бұл жер учаскесі сот шешімімен мемлекетке қайтарылды.

Жоғарыда аталған жер учаскесін қайтару қалалық парктегі жасыл аймақты сақтап қалуға, сондай-ақ қала тұрғындарының жалпы пайдаланудағы жер учаскелеріне қол жеткізуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Еске сала кетсек, бұған дейін Жамбыл облысында 2,7 мың гектар жер қайтарылғанын хабарлаған болатынбыз.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама