Halyq Uni логотип
×

Жетісу облысында жаңа әуежай салынады

Жобаға 500 млн доллар инвестиция салынады

 Динара Амантай 17.09.2024 | 09:09
Жетісу облысында жаңа әуежай салынады
Фото: Halyq Uni

«SKYHANSA» Қазақстан-Германия консорциумы жаңа жүк-жолаушылар әуежайын салуға ниетті, деп хабарлайды Halyq Uni.

Германияның федералды канцлері Олаф Шольцтың Қазақстанға ресми сапары аясында Көлік министрлігі мен «SKYHANSA» компаниясы арасында «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағында жүк-жолаушылар әуежайын салу жобасын іске асыру туралы негіздемелік келісім жасалды. Құжатқа Көлік вице министрі Талғат Ластаев және «SKYHANSA» басқарушы серіктесі Юрген Грецбах қол қойды.

Жобаға сағатына 500 адам қабылдай алатын жолаушылар терминалы бар әуежай инфрақұрылымын, сыйымдылығы жылына 550 мың тоннаға дейін отын қоймасын, жылына 250 мың тоннаға дейін жүктерді толық өңдейтін жүк терминалын салудың, әуе кемелеріне қызмет көрсету үшін авиациялық-техникалық орталық құрудың, сондай-ақ басқа да туристік және сауда-ойын-сауық қызметтерін дамытудың үш кезеңдік бағдарламасы кіреді.

Оған жеке инвестиция ретінде 500 млн АҚШ доллары салынады деп күтіледі. сондай-ақ ол арқылы 300-ден астам тұрақты жұмыс орнын құру көзделген.

Бүгінде Жетісу облысының әкімдігі әуежай салу үшін жер телімін бөлді. Инвестор инвестициялар туралы келісім жасалғаннан кейін жобаны іске асыруға кірісуді жоспарлап отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама