АЭС бойынша референдум: ОРК бюллетенді көрсетті
12 млн-нан аса бюллетень дайындалады
Орталық реферудум комиссиясы (ОРК) биыл 6 қазанда АЭС салу мәселесі бойынша өтетін референдумның бюллетенін көрсетті, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
ОРК мүшесі Сәбила Мұстафина бюллетеньде тек бір сұрақ болатынын атап өтті.
Референдумға шығарылған сұрақтың тұжырымдамасы «Сіз Қазақстанда атом электр станциясын салуға келісесіз бе?» және дауыс берушінің жауап нұсқалары «Иә, келісімен», «Жоқ, келіспеймін». Дауыс беруші дауыс беретін жауап нұсқасының оң жағындағы бос шаршыға кез келген белгіні қоя алады, - деді ол.
Оның айтуынша, референумда 12 млн 244 мың 683 қазақстандық дауыс бере алады.
Республикалық референдум туралы» конституциялық заңның нормасымен дауыс беруге арналған бюллетеньдер учаскедегі сайлаушылардың жалпы санының 1%-ы резевімен учаскелік рефередум комиссияларына жеткізіледі. Демек дауыс беруге арналған 12 млн 367 мың 138 бюллетень дайындалуы керек. Жоғарыда аталған конституциялық заңның нормасында дауыс беруге арналған бюллетеньдер учаскелік референдум комиссияларына дауыс беруге дейін ерте дегенде 3 күн бұрын немесе кемінде 1 күн бұрын жеткізілуге тиіс, - деді Орталық референдум комиссиясының мүшесі.