Жыл соңына дейін алтауын ашу жоспарланған
Ақмола облысында «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында Қараөткел ауылында 1500 оқушыға арналған ІT бағытындағы тағы бір мектеп есігін айқара ашты. Бұл Целиноград ауданында оқу жылының басынан бері ашылған үшінші жайлы мектеп, деп хабарлайды Halyq Uni.
Облыс әкімдігінің мәлімдеуінше, мектеп жайлылық пен қауіпсіздіктің барлық заманауи талаптарына сай келеді. Білім ордасында қосымша білім беру сабақтарын өткізуге арналған кабинеттер, хореографиядан робототехникаға дейінгі әртүрлі үйірмелер бар, қауіпсіздік камералары мен дабыл түймелері орнатылған.
Мұнда жас жол инспекторларының кабинеті, сондай-ақ, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимыл және «Біртұтас тәрбие» бірыңғай тәрбие бағдарламасы аясында ашылған «СКУД», «Alaqan» мектептердің қауіпсіздік жүйелері бар.
Айта кетейік, Ақмола облысында жыл соңына дейін 10 мектеп, оның ішінде 6 жайлы мектеп ашу жоспарланған.