Прокуратура қадағалау актісін енгізді
Қызылорда облысында заңсыз берілген субсидиялар қайтарылды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Облыстық прокуратура ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының бюджет қаражатын пайдалану заңдылығына тексеру жүргізіп, агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың ұлттық жобасын іске асыруға бөлінген субсидиялар негізсіз берілгенін анықтады.
Прокурорлық қадағалау актісі бойынша мемлекетке 47 шаруашылық жүргізуші субъектіге негізсіз берілген 90 млн теңге субсидия қайтарылды, – делінген прокуратура хабарламасында.
Еске сала кетсек, бұған дейін Ақтөбеде 4 шаруа қожалығының өкілдері жалған құжаттарды пайдаланып, асыл тұқымды ірі қара мал сатып алуға бөлінген мемлекеттік субсидиялар мен несиелік қаражатты қолды қылғанын хабарлаған болатынбыз.