Halyq Uni логотип
×

Қостанай облысында әкімдік мердігерге ақшаны заңсыз аударған

Бюджетке 7,4 млн теңге қайтарылды

 Динара Амантай 16.09.2024 | 16:52
Қостанай облысында әкімдік мердігерге ақшаны заңсыз аударған
Фото: Halyq Uni

Наурызым ауданының прокуратурасы жергілікті атқарушы органдардың қызметін тексеру барысында мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы бұзу фактілерін анықтады, деп хабарлайды Halyq Uni.

Ақпаратқа сәйкес, аудан аумағында екі мердігер құрылыс монтаждау жұмыстарын жаз-күз мезгілінде орындағанмен, сметалық құжаттарда аталған қызметті қыста орындалған деп көрсетіп, шығыс бөлігіне заңсыз қосқан. Осыған ұқсас заңбұзушылықтар 2021 жылғы актілерде де белгіленген.

Заңсыз төленген қаражаттың жалпы сомасы – шамамен 16 млн теңге.

Аудан прокуратурасының мердігерлік ұйымдарға қатысты ден қою актісі бойынша талап арыздар сотқа беріліп, қазір қанағаттандырылды, – делінген прокуратура хабарламасында.

Бүгінде бюджетке 7,4 млн теңге қайтарылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама