Halyq Uni логотип
×

Маңғыстаудағы жаппай улану: 98 оқушы үйіне шығарылды

Балалар тұрғылықты жері бойынша амбулаториялық бақылауға алынған

 Динара Амантай 16.09.2024 | 15:28
Маңғыстаудағы жаппай улану: 98 оқушы үйіне шығарылды
Фото: ДСМ баспасөз қызметі

Маңғыстау облысында инфекциядан зардап шеккен 98 баланың барлығы облыстық көпбейінді балалар ауруханасының инфекциялық бөлімшесінде стационарлық ем алып, үйлеріне шығарылды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, балалар тұрғылықты жері бойынша амбулаториялық бақылауға алынған.

Уақтылы және білікті медициналық көмек пен барлық жауапты органдарды нақты үйлестірудің арқасында Маңғыстаудағы жағдай толығымен тұрақтандырылды және балалардың денсаулық жағдайы алаңдаушылық туғызбайды, – делінген министрлік хабарламасында.

Еске сала кетсек, 6 қыркүйекте Мұнайлы ауданының «№8 жалпы білім беретін мектеп» КММ-нің бірінші ауысыммен оқитын 1-4 сынып оқушылары асхана тамағымен жаппай уланып қалған. 466 оқушы дене қызуының көтерілуі, іштің өтуі, құсу, әлсіздік сияқты белгілермен облыстық емханаларға жүгінген. Олардың 98-і емдеуге жатқызылып, оның ішінде екі бала қарқынды терапия бөлімшесінде емделді.

Аталған дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалды. 

Сондай-ақ, Үкімет басшысының тапсырмасы бойынша бір ай ішінде республикадағы барлық мектептің асханасында санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына мониторинг жүргізілетін болды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама