Жөнделген учаске Қарағанды және Павлодар облыстарын байланыстырады
Бүгін «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Қарағанды облысында ұзындығы 26 шақырым болатын республикалық маңызы бар «Қызылорда-Павлодар-Успенка-РФ шекарасы» автожолының 1052-1079 шақырым аралығындағы учаскесінде жол қозғалысын ашты, деп хабарлайды Halyq Uni.
Бұл республикалық маңызы бар автомобиль жолының жөндеу жұмыстары 967-1135 шақырым аралығын қамтиды. Ұзындығы 168 шақырым болтын аталмыш учаске Қарағанды және Павлодар облыстарын байланыстырады.
2021 жылы 1079-1115 шақырым (36 шақырым) аралығында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілсе, ал 2023 жылы 1115-1135 шақырымда (20 шақырым) орташа жөндеу жұмыстары атқарылды. 2024 жылы Жұлдыз ауылынан «Қазақмыс» жол айрығына дейін 26 шақырым аралықта 1052-1079 шақырым учаскесінде болатын орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жөндеу жұмыстарына 29 техника мен 35 маман жұмылдырылды. Жолдың негізін қалыпқа келтіру үшін салқын ресайклинг әдісімен жаңа технологиялар қолданылып, төменгі және жоғары қабатта асфальтбетон жабыны төселді, сондай-ақ суөткізгіш құбырлар орнатылды. Жергілікті өндірісті қолдау мақсатында жөндеу жұмыстарына отандық құрылыс материалдары пайдаланылды, 0 делінген ұлттық компания хабарламасында.
967-993 және 999-1003 шақырым аралығындағы учаскелерде орташа жөндеу жұмыстарын өткізу 2024-2025 жылдар аралығында жоспарланған. Қазір осы жөндеу жұмыстарын өткізу үшін мердігер мекемені анықтау мақсатында конкурстық шаралар ұйымдастырылып жатыр.
Биыл орташа жөндеу жұмыстары шеңберінде 66 нысан бойынша 1547,2 шақырым жолды қолданысқа беру жоспарланған.