Halyq Uni логотип
×

Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты мекеме басшысы сотталды

 Динара Амантай 16.09.2024 | 12:52
Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты мекеме басшысы сотталды
Фото: Halyq Uni

10 қыркүйекте Тараз қалалық №2 сотында «Жамбыл облысы бойынша ТЖМ Апаттар медицинасы орталығы» ММ филиалы басшысының міндетін уақытша атқарушы А.О. Махашеваға және осы филиалдың кадрлар жөніндегі инспекторы Л.Т. Қалмұратоваға қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Сотталушылар фельдшер ретінде жұмысқа орналастыру үшін облыс тұрғынынан қомақты көлемде пара алған. Оларға мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда өмір бойы қызмет атқару құқығынан айыра отырып, тиісінше 4 және 3,6 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды, – делінген Антикор хабарламасында.

Қылмыстық Кодекстің 74-бабының 1-бөлігі негізінде жазаны өтеу мерзімі кәмелетке толмаған балалардың болуына байланысты 4 жылға кейінге қалдырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама