Қылмыстық іс сотқа жіберілді
Ақмола облысында мемлекеттік мекеме есепшісі 40 млн теңге жымқырған, деп хабарлайды Halyq Uni.
Степногорск қаласы прокуратурасының мәліметінше, есепші 2 жыл бойы депозиттік шоттың қаражатын мақсатсыз жұмсап, мемлекеттік сатып алу қызметіне қатыспаған адамға ақшаны заңсыз аударып отырған.
Негізсіз аударылған қаражат – 40 млн теңге. Қылмыстық іс қозғалған азаматтар ҚР ҚК190-бабы бойынша сотқа берілді, – делінген прокуратура хабарламасында.
Еске сала кетсек, бұған дейін Ақмола облысында бюджет қаражатын жымқырған есепші сотталғанын хабарлаған болатынбыз.