×

Ақмола облысында мемлекеттік мекеме есепшісі 40 млн теңге жымқырған

Қылмыстық іс сотқа жіберілді

 Динара Амантай 16.09.2024 | 12:36
Фото: Halyq Uni

Ақмола облысында мемлекеттік мекеме есепшісі 40 млн теңге жымқырған, деп хабарлайды Halyq Uni.

Степногорск қаласы прокуратурасының мәліметінше, есепші 2 жыл бойы депозиттік шоттың қаражатын мақсатсыз жұмсап, мемлекеттік сатып алу қызметіне қатыспаған адамға ақшаны заңсыз аударып отырған.

Негізсіз аударылған қаражат – 40 млн теңге. Қылмыстық іс қозғалған азаматтар ҚР ҚК190-бабы бойынша сотқа берілді, – делінген прокуратура хабарламасында.

Еске сала кетсек, бұған дейін Ақмола облысында бюджет қаражатын жымқырған есепші сотталғанын хабарлаған болатынбыз.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама